Ср. Апр 1st, 2026

Ол тестілеуде келген барлық сұраққа дұрыс жауап берген. 

Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11 сынып оқушысы Жазира Кеңесова наурыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ол тестілеуге мектеп бағдарламасынан бөлек арнайы курс арқылы дайындалған. Гимназиядағы белсенді оқушылардың бірі Жазира Кеңесова «Парасат» дебат клубының президенті.

«Қаңтар ҰБТ-да 138 балл, Наурыз ҰБТ-да 140 балл жинады. Қазақ тілі және әдебиетіне деген қызығушылығының арқасында сол комбинацияны таңдап, болашақта қазақ тілі және әдебиетінің маманы, филолог болғысы келеді», – деп пікір білдірді оқу ордасының басшылығы.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу