Чт. Ноя 21st, 2024

Оқиға 26 маусымда сағат 00:40 шамасында Атырау қаласындағы Жеңіс саябағындағы алаңда болған.

Атырауда 7 жасар баланы ескерткіш басып қалып, ол ауруханада көз жұмған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қалалық полиция басқармасында оқиғаның мән-жайын айтып берді.

2017 жылы туған қызға ескерткіш құлап кеткен. Дене жарақаттарының салдарынан қыз облыстық балалар ауруханасында қайтыс болды, — деп хабарлады құқық қорғау органдары.


Дереккөз: inbusiness.kz