Оқиға Чапаево ауылынан 15 шақырым жерде болған.
Орал – Атырау тасжолында ауыр жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көліктің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғыды оқиға 1 қарашада сағат 9:30 шамасында Чапаево ауылынан 15 шақырым жерде болған.
«Тасжолда Volvo жүк көлігі мен ВАЗ-2114 соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің 2001 жылы туған жүргізушісі қаза тапты. Оның денесі құтқарушылар келгенше көліктен шығарылды. Жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді», делінген хабарламада.
Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: inbusiness.kz