Пт. Янв 10th, 2025

Атырау облысы Құрманғазы ауданында екі ауылдың тұрғындары арасында жаппай төбелес болып, соның салдарынан қақтығысқа қатысушылардың бірі қаза тапты

29 желтоқсанда Жаңаауыл ауылынан 30-дан астам адам Сафон ауылына дау-дамайды шешу үшін барған. Алғашында жиналғандар арасында жанжал болған, кейін ол тез арада төбелеске ұласқан.

Жаппай төбелес нәтижесінде бірнеше адам аудандық ауруханаға жеткізілді, ал бір адам көз жұмды.

Атырау облысы Полиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта барлық күдіктілер ұсталып, тергеу жүргізіліп жатыр.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS