1 000 000 теңге жүлде қоры — тіркелу жалғасуда!
2025 жылғы 21 қыркүйекте Астанада Dota 2 дисциплинасы бойынша алғашқы ашық киберспорт турнирі Atameken Media League өтеді. Турнирді ұйымдастырушы – Atameken Business медиахолдингі, деп хабарлайды insports.kz.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирге деген қызығушылық күткеннен де жоғары болғандықтан, бастапқы формат өзгертіліп, алаң барынша демократиялық сипатқа ие болды. Енді кез келген әуесқой (NON PRO) — мамандығына не қызмет саласына қарамастан — жарысқа қатыса алады.
Турнир регламенті Fair Play тұжырымдамасына негізделген: әділ ойын, қарсыласқа құрметпен қарау, кез келген алдауды немесе читерлікті болдырмау. Бұл ережелер барлық қатысушыларға тең жағдай жасап, салауатты бәсекелестік рухын сақтауға мүмкіндік береді.
Жүлде қоры — 1 000 000 теңге:
- 1 орын — 500 000 ₸
- 2 орын — 250 000 ₸
- 3 орын — 150 000 ₸
- 4 орын — 100 000 ₸
Ақшалай сыйлықтардан бөлек, қатысушылар арнайы номинациялар үшін бақ сынап, серіктестерден сыйлықтар алып, бейресми фуршет пен нетворкингке қатыса алады.
Формат және қатысу шарттары:
- қатысу 18 жастан асқан барлық әуесқойларға қолжетімді;
- NON PRO-формат: Fair Play регламентіне сәйкес кәсіби ойыншыларға қатысуға рұқсат жоқ;
- турнир кезеңдері: топтық раунд (Round Robin), одан кейін double elimination плей-офф;
- финалдық ойын YouTube-арнада «Atameken Business» тікелей эфирде көрсетіледі;
- әлеуметтік желілерде бейне шолулар жарияланады.
Тіркелу жарнасы: командадан 50 000 ₸ (қатысу расталғаннан кейін төленеді).
Максималды командалар саны: 32.
Өткізу күні: 2025 жылғы 21 қыркүйек.
Өтетін орны: The Hood киберклубы, Астана қ., Сарыарқа даңғылы, 2.
Команданы тіркеу үшін арнайы форманы толтыру қажет.
Fair Play тұжырымдамасы бойынша турнирдің регламенті мен ережелерімен мына жерден танысуға болады.
Турнирдің бас серіктесі — Қазақстанның жетекші букмекерлік компаниясы Olimpbet.
Толық ақпарат:
+7 (708) 930 91 16 — Владимир Ткач, v.tkach@inbusiness.kz
Серіктестік мәселелері бойынша:
+7 (700) 515 15 53 — Раимкулов Рустам, маркетинг бөлімінің жетекшісі (r.raimkulov@inbusiness.kz).
Дереккөз: insports.kz