Вс. Ноя 24th, 2024

UFC-де дебют жасаған қазақстандық файтер Асу Алмабаев (18-2) Нэшвиллдегі UFC on ESPN 50 турнирінде тамаша өнер көрсеткені үшін қосымша сыйақы алады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асу өзінің UFC турниріндегі алғашқы кездесуімен жанкүйерлерін таңғалдырды, ол екінші раундта тәжірибелі файтер, ямайкалық Оли Осборнды (12-6) жеңді.

Лиганың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунтында кейінгі турнирде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен барлық спортшыға, соның ішінде Асу Алмабаевқа негізгі ақшаға қосымша 50 000 доллар бонус берілді.

Сондай-ақ осы турнирде келесі спортшылар: Татьяна Суарес, Дастин Якоби, Диего Лопес және Карлстон Харрис жекпе-жекті тамаша аяқтағаны үшін UFC-ден ақшалай сыйақы алады.

Еске салайық, қазақстандық Асу Алмабаев аралас жекпе-жек бойынша Нэшвиллде өткен UFC on ESPN 50 турнирінде ямайкалық Оди Осборнды екінші раундта жеңген еді.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz