Астанада заңсыз майнингтен 143 млн теңге тапқан үш тұрғын сотталып, мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік және майнинг жабдықтары тәркіленді.
ҚМА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астанада үш адам 2022 жылдан 2024 жылдың мамырына дейін майнинг фермасы қозғалтқыштарды өңдеу орталығы ретінде жасырын жұмыс істеп келген. Олар бір мегаполистің ауданы бір айда тұтынатын электр энергиясын тұтынған. Үш адамға қатысты айыптау үкімі шығарылды.
ҚМА дерегіне сүйенсек, олардың заңсыз жолмен алынған цифрлық активтер эквиваленті 143 млн теңгеден асады. Тінту барысында 1 257 асикмайнер (цифрлық активтерді өндіруге арналған жабдық), өнеркәсіптік салқындатқыш желдеткіштер мен трансформаторлық станция алынған.
«Сот оларды Қылмыстық кодекстің 214-бабының 2-тармағы бойынша кінәлі деп танып, айыппұл салу жазасын тағайындады. Сот шешімімен мемлекет пайдасына 900 млн теңгеден астам мүлік: 2 көлік (Toyota Camry, Nissan Juke) және майнинг жабдықтары тәркіленді», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар сот қылмыстық табыс мөлшері ретінде 143,2 млн теңгені мемлекетке қайтаруды міндеттеді.
Үкім заңды күшіне енді.
ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ