Пт. Ноя 22nd, 2024

Іс-шараның мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының лаңкестік көріністерге шұғыл ден қою бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын тексеру. 

Астанада лаңкестікке қарсы күрес жөніндегі елордалық штаб жоспарлы түрде лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өткізеді.

Штаб өзінің лаңкестік әрекеттерге жедел ден қоюға қаншалықты дайын екенін тексереді.

«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», — делінген штаб хабарламасында.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz