Дәрігерлер баланың өмірі үшін күресуде.
Төрт жасар бала төртінші қабаттың терезесінен құлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға Астана қаласының Сарыарқа ауданында болған.
ТЖМ тағы да еске салады:
- бөлмеден шыққанда, терезені ашық қалдырмаңыз;
- терезелерге блокаторларды орнатыңыз;
- терезелердің жанына дивандар мен орындықтарды қоймаңыз;
- москит торлары құлап кетуден сақтамайды.
- Балалық шақ қауіпсіз болуға тиіс!
Дереккөз: Inbusiness.kz