Пт. Ноя 22nd, 2024

Астанада мектеп оқушысының үстіне футбол қақпасы құлап, мерт болды. Қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Inbusiness.kz.

Бұл туралы Астананың білім басқармасы хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, қаладағы №10 мектептің аумағында футбол қақпасы 10 жастағы баланың үстіне құлады. Алған жарақатынан оқушы көз жұмды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталып жатыр.

«7 тамызда полицияға мектеп алаңында футбол ойыны кезінде оқыс оқиға болып, баланың басына темір конструкция құлап, салдарынан оның сол жерде қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті», делінген ПД хабарламасында.

Аталған факті бойынша Байқоңыр аудандық полиция бөлімі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы бойынша қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындауға және қызмет көрсетуге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының негізінде өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz