Сб. Фев 1st, 2025

Астана полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар «бірнеше ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінді

Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 миллион теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген.

Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 миллион теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушысы қамауға алынды.

«Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылып жаттыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS