Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Елорданың коммуналдық қызметі тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Жолдарды, тротуарларды, гүлзарлар мен алаңдарды тазалауға күн сайын 2,5 мыңға жуық жұмысшы мен 2 мыңға жуық техника жұмылдырылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
- 12 ақпан күні таңертең қар тазалау жұмысына 2,4 мыңнан астам жол жұмысшы және 1,5 мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.
- 11 ақпаннан 12 ақпанға қараған түні елордадан 34 мың текше метр қар шығарылды, бұл шамамен 2,5 мың ауыр жүк көлеміне тең.
Қыс мезгілінің басынан бастап қар полигондарына 320 мыңға жуық рейспен 4,3 млн текше метрден астам қар шығарылды.
Дереккөз: inbusiness.kz