Астананың автобус паркі жол-көлік оқиғасы салдарынан екі аяғынан айырылған қыздың «лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге» қатысты барлық шығынды өз мойнына алуға уәде берді
7 жастағы бірінші сынып оқушысы Алуа Бекен Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылды. Қыздың отбасы жазғы демалысқа елордаға келген. Қайғылы оқиға болған күні олар үйге қайтып бара жатқан, сол сәтте автобус бағанға соғылған. Алуа болса автобус салонында қысылып қалған. Қазір ол ауруханада жатыр, алда ұзақ оңалту мен протез орнату кезеңі күтіп тұр. Анасы жұмысынан шығып, қызына күтім жасап жатыр, ал отбасы емге қаржы жинау басталғанын хабарлады.
Өмірлік уәде
Бұған дейін 7 жастағы Алуаның туыстары әлеуметтік желілерде 11 маусымда Астанадағы №1 автопарктің басқарма төрағасы Мадияр Тұкпатовпен сөйлескенін хабарлаған.
Олардың айтуынша, автопарк басшысы Алуаның да, Махаббаттың қалған төрт баласының да лайықты өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету бойынша барлық шығынды өмір бойына өз мойнына алатынына кепілдік берген.
Еске салайық, бұған дейін Астана әкімі Жеңіс Қасымбек зардап шеккен қыздың отбасына баспана мен 40 миллион теңге берілетінін мәлімдеген болатын.
«Сақтандыру – шамамен 20 миллион теңге, әкімдік 10 миллион бөлді, тағы қосымша 10 миллион бөлуді жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ баспана мәселесін шешеміз», – деді Астана әкімі.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS