Ср. Янв 14th, 2026

Халықаралық Numbeo рейтингі бойынша Қазақстанның астанасы бір жыл ішінде бірден 24 орынға көтеріліп, 105-орыннан 81-орынға шықты.  

Былтыр Астана қаласының қауіпсіздік индексі 66,7-ден 67,5-ке көтерілді. Бұл көрсеткіш елордаға қылмыс деңгейі салыстырмалы түрде төмен және қала ортасы тұрақты саналатын қалалар қатарына кіруге мүмкіндік берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Рейтингке барлығы 263 қала кіріп отыр. Қазақстаннан Астанадан өзге Алматы қаласы да тізімге енді. Алайда оңтүстік астананың қауіпсіздік индексі 2024 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалып, 46,7 деңгейінде болды. Аталған көрсеткішпен Алматы 195-орынға табан тіреді.

Ал, 2025 жылы ең қауіпсіз қалалар ретінде Әбу-Даби, Доха және Дубай танылды.

Numbeo рейтингі тек қылмыс статистикасын ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін, полицияның жұмысы мен көрінуін, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымның сапасын – жарықтандыруды, қоғамдық кеңістіктерді және көлік жүйесін ескереді.


Дереккөз: inbusiness.kz