Чт. Ноя 21st, 2024

Испанияда өткен Circuito de Getxo бір күндік жарысында «Астана» велокомандасының көшбасшысы мәреге бірінші болып жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

30 шілде күні Испанияда бір күндік Circuito de Getxo веложарысы өтті. Қазақстандық шабандоз Алексей Луценко басты қарсыласын 24 секундқа басып озып, жарысты бірінші болып аяқтады.

Луценко Бильбаодан Гетчоға дейінгі 193,3 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 19 минут 10 секундта жүріп өтті. Тони Галлопен (Франция, Лидл-Трек) мәреге екінші, Симоне Веласко (Италия, Астана) үшінші болып келді.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz