Astana IT University-ге ректордың міндетін атқарушы болып Ахметов Альтаир Амангельдиевич тағайындалды.
Альтаир Амангелдіұлы – заң ғылымдарының кандидаты, Қазақ мемлекеттік заң академиясының түлегі. Сондай-ақ Бирмингем университетінде (Ұлыбритания) мемлекеттік басқару бағдарламасы бойынша магистрлік дәрежеге ие.
Ол – мемлекеттік қызмет пен білім саласында үлкен тәжірибесі бар маман. Осы уақытқа дейін Сыртқы істер министрлігі, Президент Әкімшілігі және Білім және ғылым министрлігінде жауапты қызметтер атқарды. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметін де абыроймен атқарған. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі болды.
Соңғы қызметі – AITU GOLD цифрлық мемлекеттік басқару мектебінің директоры.
Альтаир Амангельдиевичтің кәсіби жолы білім беру, ғылым және цифрлық саланы дамытуға арналған. Бұл бағыт Astana IT University миссиясымен үндес.
Жаңа басшыға табысты еңбек тілейміз! Университетіміз оның жетекшілігімен цифрлық білім берудің алдыңғы қатарлы орталығы ретінде өз әлеуетін одан әрі арттыра береді деп сенеміз.
Сонымен бірге, Аскар Кусупбекович Хикметов енді өз жұмысын жаңа қызметте – ректордың жасанды интеллект мәселелері жөніндегі кеңесшісі ретінде жалғастырады. Бұл тағайындау Мемлекет басшысының 2025 жылғы Жолдауында айтылған ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарының бірі – жасанды интеллектті дамыту міндетімен үйлеседі.
Дереккөз: AITU