Сб. Янв 18th, 2025

«Нұрсұлтан Назарбаев» атындағы Астана халықаралық әуежайы қала балансына өтті.

Қала әкімдігінің мәліметінше, Terminals Astana Airport Management LLP араб компаниясымен жасалған сенімгерлік басқару шарты мерзімінің аяқталуына байланысты «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ акцияларының 100 пайызы Астана қаласының коммуналдық меншігіне өткен.

2025 жылдың 7 қаңтарында мерзімі аяқталған сенімгерлік басқару шарты 2023 жылдың 7 қарашасынан басталған.

Елордалық әуежай акцияларының иесінің өзгеруін ескере отырып, қазіргі уақытта елорда әкімдігі мен Terminals Astana Airport Management ЖШС арасында сенімгерлік басқарудың жаңа шартын жасасуға дайындық жүріп жатыр.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ