Сб. Дек 21st, 2024

Халықаралық іздеуде болған Қазақстан азаматын Ресей Федерациясынан экстрадициялады.

«Күдікті 2023 жылы Корея Республикасынан автокөліктерді нарықтық бағадан төмен бағамен жеткізуге уәде беріп, алаяқтық жолмен 6 жәбірленуші – Алматы қаласы тұрғындарының қаражатын иемденіп, оларға жалпы көлемде 145 миллион теңгеден астам залал келтірген», — делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті ізін жасырып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.

Осы жылдың сәуірінде ол Ресей Федерациясының Краснодар өлкесінде ұсталып, содан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Отанына экстрадицияланды. Қазір күдікті тергеу изоляторына қамалды.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша күдіктіге мүлкін тәркілеу және 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ