Вт. Окт 8th, 2024

Қазақстан АМТ-ның жоғалтқан пайдасын өтемейді. 

Қазақстан «АрселорМиттал Теміртау» компаниясын мемлекет меншігіне беру мәмілесіне бюджет қаражатын пайдаланбайды.

Бұл туралы Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев үкіметтегі брифинг барысында айтты.

«Біз бұған бюджет қаражатын пайдалануды жоспарлап отырған жоқпыз», — деді Шарлапаев.

Ол сондай-ақ мәміленің шарттарын әзірге атай алмайтынын мәлімдеді.

 «Сонымен қатар Қазақстан АМТ-ның жоғалтқан пайдасын өтемейді», — деді министр.


Источник: inbusiness.kz