Ср. Дек 18th, 2024

Өнер иесі жеке парақшасында жазба жариялап, оқиғаның мән-жайын айтып берді. 

Танымал әнші Арман Көмекұлы жол ережесіне қатысты айыпты деп танылып, 15 күнге қамауға алынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Кеше Шаляпин бойында келе жатқанымызда бізді жол-патрульдік полициясы тоқтатты. Себебі көлігіміздің сақтандыруы жоқ екен. Мен рөлді масаң күйде айдаған жоқпын. Ағама берген болатынмын. Ол да сап-сау еді. Сол кісіден күдіктеніп, сараптамаға алып барып, қанынан жағымсыз заттар табылды. Не керек, 15 күнге кетіп бара жатырмын. Жазықсыз кетіп бара жатқан секілдімін. Өйткені өзімнің көлігімді сау адамға бердім деп ойладым», – деп жазды әнші.

Әнші сонымен бірге сотқа апелляция беру үшін адвокат іздейтінін де мәлімдеді. Алайда көп ұзамай, парақшасынан жазбасын өшіріп тастады. 


Дереккөз: inbusiness.kz