Пн. Янв 26th, 2026

Бұған дейін аталған жанжалға Қарағанды облысының әкімдігі ресми мәлімдеме жасаған еді.

Енді облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Есімхановтың өзі кикілжіңге қатысты жазба қалдырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында Серік Сәпиев сынды видеоүндеу жасамаса да, қысқа да нұсқа жазба жазған.

– Қазір әлеуметтік желілер мен БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат тарап жатыр. Арандатуға ермей, жағдайды ушықтыруға бағытталған әрекеттерге жол бермеуді сұраймын, – деді ол. 

Бұған дейін «бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиевті орынбасары Дәурен Есімханов ұрып-соқты» деген ақпараттар мен бейнелер әлеуметтік желіде желдей ескен еді. Көп ұзамай Серік Сәпиевке қатысты жанжал бойынша тергеу де басталды.

Бірнеше күн бұрын Серік Сәпиевтің орынбасарымен байланысты жағдай толық шешілгенін де жазған едік. 


Дереккөз: Inbusiness.kz