Пн. Ноя 25th, 2024

Елордада өткен аптада «Астана» халықаралық форумы өтті. «Caspiy neft» акционерлік қоғамы осы іс-шараның демеушілерінің бірі.

Қазақстан президенті  іс-шараның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде форумның маңыздылығына аса назар аударды.

«Ортақ мәселелерді шешу және серіктестікті нығайтуға, даму мен прогреске арналған диалогқа кеңістік ұсыну Астана халықаралық форумының түпкі мақсаты деуге болады», — деді  Президент .

 Президенттің атап өткен бастамалары, БҰҰ тұрақты даму мақсаттары мен  ESG қағидаттарын ұстану «Caspiy neft» компаниясының даму стратегиясындағы көзделген алдыңғы қатардағы мақсаттар.

Каспий мұнай: ESG қағидаттарын ұстану

Компания өкілдері атап өткендей, ESG қағидаттарын ұстану — бүгінгінің тренді ғана емес, бұл «Caspiy neft» компаниясының клиенттердің, қызметкерлердің  және қоғам алдындағы міндеті. ESG қағидаттарын  ұстану «Caspiy neft» компаниясының өз қызметінде барынша ашық әрі баршаға тиімді болуының кілті деп қабылдап, осы бағытта біршама істі қолға алған.

 Сондықтан да инвестициялық, басқаруға, өндіріске қатысты шешім қабылдағанда компаниядағы барлық лауазымды тұлға да, қызметкерлер де  осы қағидаттарды басшылыққа алады.

«Қазіргі бизнестің клиенттерге құндылықтар құру, қызметкерлерді дамытуға инвестиция салу, жеткізушілермен өзара жұмысты адал жүргізу, компанияның қызмет ететін ортадағы қауымдастықтарды қолдауы, сондай-ақ акционерлер үшін баға тұрақтылығын қалыптастыру сынды мақсаттарға жету мұның барлығы ESG қағидаттарын ұстану», — дейді «Каспий мұнай» компаниясының бас директоры Серік Тыран.

Серік Тыранның айтуынша, ESG қағидаттарын сақтау арқылы компанияның беделін арттырып, оның бренд ретінде танылуына септігін тигізеді, сондай-ақ интеграциялық күн тәртіпте артықшылықтар береді. Қазіргі уақытта клиенттер де, контрагенттер мен бизнес-серіктестер де келісім-шарт жасау барысында экологиялық және этикалық мәселелерге келгенде аса талапшыл. Сондықтан да кез-келген бизнесті сәтті жүргізу үшін ESG қағидаттарын сақтау аса маңызды.

«Caspiy neft» компаниясы мұнай өдіру процессінде экологиялық нормаларға сай болуды және сол нормалардың сақталуын қатаң бақылауда ұстайды.

«Экологиялық кодекс пен Жер қойнауын пайдалану кодексін толығымен сақтаймыз, сондай-ақ салықты да уақтылы төлеп тұрамыз», — деп атап өтті компанияның бас директоры.

ESG қағидатының тағы да бір маңызды бөлігі — компанияның өз қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін үнемі дамытып отыру. Бұл бағытта «Caspiy neft» компаниясының тың жобаларды қолға алған, соның бірі — Caspiy Neft Bilim онлайн-платформасы.

 «Caspiy Neft Bilim онлайн-платформасы  — қызметкердіің әртүрлі мамандық бойынша кәсіби курстар мен бағдарламаларға қатысуына мүмкіндік беріп отырған жоба», — дейді компанияның басшысы.

Компания өңірдің дамуына үлес қосып, Атырау облысында іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларға қолдау танытуда. Жұмыс орнына жергілікті мамандарды тартуға басымдық береді. 2012 жылдан бергі 10 жылда «Caspiy neft» компаниясы ел бюджетіне 1,8 млрд доллар көлемінде салық және басқа да төлемдер аударған.

«Caspiy neft» компаниясының стратегиясы шеңберінде «жасыл» технологияларға біртіндеп көшуді жоспарлап отыр. Айта кету керек, қазірдің өзінде компания өзінің газ көздерін пайдалана отырып, электр энергиясына деген қажеттілікті толығымен қамтамасыз еткен.

Smart Field — ең үздік цифрлық шешім

Қазіргі заманғы мұнай өндірісі технологиялық революцияны бастан кешіп отыр деуге әбден болады, өйткені  кез-келген процесс толығымен автоматтандырылып,  цифрлық жүйеге көшуді қажет етеді. Бұл бағытта да «Caspiy neft»  компаниясы айтарлықтай қадамдар жасауда.

«Қазіргі уақытта мұнай қорлары әлдеқайда тереңде орналасқан, ал өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер мен озық технологиялар қажет», — деп атап өтті «Caspiy neft»  компаниясының бас директоры Серік Тыран.

Бұл ретте «Caspiy neft» компаниясы Smart Field жобасын әзірлеп, өндіріске енгізген. Атап өтейік, «Caspiy neft» компаниясы жыл басында TechGarden Awards 2022 жеңімпаз атанып, Smart Field жобасы «Үздік цифрлық шешім»  номинациясында аталған.

Естеріңізге сала кетейік, «Caspiy neft» компаниясы Smart Field жобасын іске асыру үшін өзіндік бренд тауарлары бар халықаралық ірі жеткізушілерді  Honeywell International компаниясын, Schlumberger компаниясын жұмылдырған. Ал жобаға ERP-жүйесін енгізу ісіне отандық AppStream, IQ-Solutions  компаниялары атсалысқан.


Ақпарат көзі: inbusiness.kz