Пн. Окт 7th, 2024

Халық қалаулысының анасы сирек кездесетін дерттен көз жұмған еді. 

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев марқұм анасын еске алып, жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

“Анасыз өткен 60 күн. Жаным, анам жүзіңізден мейірім төгілген қандай жан едіңіз?! Иә, бұл өмірде бәріміз жолаушымыз. Баратын жеріміз бір. Сол мекеніміз жұмақтан болсын! Өлшеулі ғұмыр, өлшеулі уақыт. Былтыр әкемді қаратуға Түркияға барғанда, анам тексерілмеді. Өзекті өртейтін өкініш. “Неге мен қасында болмадым, неге тексертпедім” деп өкінемін. Ерте тексеруден өткенде ауру асқынбас еді.

Осылай жазба жарияласам, көп адамның анасымен қарым-қатынасының жақсартуына себепкер болады екенмін. 60 күннің ішінде қаншама адам анасын шетелге қыдыртып, түрлі сыйлық жасады. Тірісінде ата-ананы қадірлеуді үйреніп жатыр. Бір оқырман хаты есімнен кетпейді. Анасына ренжіп, басқа қалаға көшіп кетіп, анасымен байланысын үзіпті. Менің жазғандарымды оқып, анасынан кешірім сұрапты. Қазір анасының жанында. Қайта қауышқанын естіп қуандым. Ұзын-сонар хат жазыпты. Осының өзі сауап іс емес пе?”, – деп жазды Дәулет Төлеутайұлы. 


Дереккөз: inbusiness.kz