Пн. Мар 31st, 2025

ҚМА Шымкент бойынша департаменті Nazira Gold қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты

ҚМА мәліметінше, өздерін зергерлік бұйымдар сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға салған сомаларынан 20-40 пайыз көлемінде ай сайынғы табыс деп уәде берген.

«Алайда, шын мәнінде төлемдер сатудан түскен пайдадан емес, жаңа қатысушылардың салымдарынан жүзеге асырылған. Нәтижесінде қаржы пирамидаға 4 мыңнан астам салымшы тартылған.

Қылмыстық табысқа күдіктілер екі пәтер, тұрғын үй және 10 автокөлік сатып алған», — делінген хабарламада.

Тінту барысында 374 миллион теңге қолма-қол ақша және құны 300 миллион теңгеден астам 12 келі алтын бұйымдар тәркіленген.

Күдіктілер екі айға қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жарияланбайды.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS