Сб. Ноя 23rd, 2024

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Астана қаласының бұрынғы әкімі Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Мұсатайұлы Сейтімов Қазақстан Республикасының Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.


Дереккөз: Inbusiness.kz