Альпинистер Мақсұт Жұмаев, Анар Бурашева және әйгілі жарысушы Александр Артемьев «Арыстан» мамандандырылған лицейіне барды
Белгілі қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Анар Бурашева, сондай-ақ аты аңызға айналған Ле-Ман мерейтойлық жарысының алғашқы Қазақстандық қатысушысы Александр Артемьев «NNEF» қоғамдық қорының филиалы — «Арыстан» мамандандырылған лицейіне қонақ болып бапды. Курсанттарды өздерінің кәсіби жетістіктерімен, жеке мотивацияларымен және өршіл мақсаттарымен бөлісіп, оларды өз жетістіктеріне шабыттандырды.
Лицей тәрбиеленушілерінің алдында сөйлеген сөзінде майор Мақсұт Жұмаев Жер шарының ең биік нүктесіне көтерілуден алған әсерімен бөлісті.
“Біз екі-үш апта бұрын биіктігі 8848 метр болатын Эверестке көтеріліп оралдық. Бұл өрлеудің ең айтулы оқиғасы – тәуелсіз Қазақстанның тарихында тұңғыш рет Эверест шыңын екі қазақ қыздары – Анар Бурашева мен Жәмилә Баширова бағындырды”, – деді майор.
Джомолунгманы үш рет бағындырған Жұмаев лицей оқушыларына күзде шыңды бағындыру туралы деректі фильм көрсетуге ораламын деп уәде берді. Мақсұт Жұмаев асқақ асудың Қазақстанның көрнекті батырлары – армия генералы, халық қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетов, халық қаһарманы Рақымжан Қошқарбаев пен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың жүз жылдық мерейтойына арналғанын айтты.
«Оқыту шарттары балаларға өсу мен даму үшін орасан зор мүмкіндіктер берілгенін, ал олардың қиын конкурстық іріктеуден өткендігі – олардың зор еңбегі екенін көрсетеді. Мен курсанттарға үлкен, өршіл мақсаттарына жетуін тілеймін», – деді Эверестті бағындырған алғашқы Қазақстандық Анар Бурашева.
«Ең алдымен, мен таң қалғанымды айтқым келеді. Бәрін басқаша елестеттім, – деп бөлісті автокросстан Қазақстанның жеті дүркін чемпионы Александр Артемьев. — Мен мұнда балалар тек спорттық және әскери пәндермен айналысады деп ойладым, бірақ лицейлердің сурет салатынын, музыкалық аспаптарда ойнайтынын, робототехникамен айналысатынын көрдім. Мен оқытушылардың құрамын қарап шықтым және бұл адамдар тек әскери емес, керемет мамандар дайындайтынына сенімдімін. Менің ойымша, өте ыңғайлы, шығармашылық, мен тіпті оқушылар мүмкіндігінше жан-жақты дамып, өз таланттарын аша алатын орта деп айтар едім».
Танымал қонақтар үшін лицей бойынша экскурсия өткізілді: тир, бассейн, көркем шығармалар көрмесі көрсетілді. Олар оқытудың қалай ұйымдастырылғаны туралы айтып, лицей оқушыларының жетістіктерімен бөлісті. Мысалы, үшсайыстан әлем чемпионы атағын жеңіп алған он бірінші сынып оқушысы болды.
«Қызықты адамдармен кездесу» форматындағы іс-шаралар «Арыстан» лицейінде ай сайын өткізіледі. Оқушылармен әскери, спортшылар, өнер қайраткерлері кездеседі. Олар болашақ офицерлерге кең ой-өрісті қалыптастыруға, жеке қасиеттерді дамытуға және өршіл мақсаттар қоюға көмектеседі, оларды әртүрлі салаларда жоғары нәтижелерге жетуге шабыттандырады.
Дереккөз: Арыстан Лицейі