Чт. Ноя 21st, 2024

Алматыда 2023 жылғы 21 тамыздан бастап қала әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Жолаушыларды тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысы жұмыс істей бастады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта қала жолаушыларын тұрақты әлеуметтік маңызы бар тасымалдауға жаңа тарифтер төлеу тәсіліне қарай мынадай мөлшерде белгіленді:

  • ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы немесе жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін – 100 теңге;
  • жол жүру ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.

21 тамызға дейін қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төлегенде 80 теңге (2012 жылдан бастап жарамды), қолма-қол төлеу кезінде 150 теңге болған еді.

Әкімдікте түсіндіргендей, кейінгі 11 жылда тасымалдаушылар көтерген барлық шығын айтарлықтай өсті. Мысалы, дизель отынының құны 90 теңге болса, бүгінде 295 теңге (+328%), газдың құны 33 теңге болса, бүгінде 108 теңге (+327%) болып бекітілді. Басқа шығындар, соның ішінде автобустардың құны бойынша да жағдай осындай.


Ақпарат көзі: kaz.zakon.kz