Сб. Апр 20th, 2024

Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді. 

Алматыда жіті респираторлық вирустық инфекция жұқтырған тұрғындар саны көбейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, мегаполисте ЖРВИ сырқаттанушылық бойынша маусымдық көтерілу байқалады.

«Өткен 6 аптада ЖРВИ-ның 22 235 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші — 997,2%. Осы жылдың қарашасынан бері А/H3N2 типті тұмаудың 232 расталған жағдайы тіркелді. Барлық пациенттерге емдеу тағайындалды, жағдайы қанағаттанарлық», — дейді Әсел Қалықова. 

Айтуынша, қалада риновирус, бокавирус, РС вирус, аденовирус, парагрипп, маусымдық коронавирус айналымда жүр.


Дереккөз: inbusiness.kz