Пт. Июл 4th, 2025

Ерекше инсталляция қала тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырып отыр. 

Алматыдағы сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінің алдында әйгілі «Кальмар ойыны» сериалындағы Ён Хи есімді қуыршақтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты kazinform-ға сілтеме жасап.

Қалалықтар қуыршақпен суретке түсу үшін арнайы келеді. Назар аударарлығы – алматылық қуыршақтың түпнұсқадан сәл айырмашылығы бар: оның белдемшесінің төменгі бөлігі қазақы ою-өрнекпен безендірілген, бұл мүсінге ұлттық сипат беріп тұр.

Әйгілі «Кальмар ойыны» – 2021 жылы жарық көрген оңтүстік кореялық триллер жанрындағы сериал. Режиссері және сценарий авторы – Хван Дон-хёк. 

Сериал 2021 жылы 17 қыркүйекте Netflix платформасында жарық көріп, бірден әлемдік хитке айналды. Туындыда әлеуметтік теңсіздік, қарызға бату, лудомания сияқты тақырыптар қозғалады.


Дереккөз: inbusiness.kz