Алматыда сот шешімімен «Ақсай-4» шағынауданында орналасқан «Арыстан» базарының бір бөлігі сүріліп жатыр.
Алматы Қала құрылысын бақылау басқармасы жүргізген жоспардан тыс тексеріс барысында «Фирма Тигрохауд» ЖШС иесі базардың бір бөлігін рұқсат құжаттарынсыз салғаны анықталды. Бұл факт бойынша әкімшілік шаралар қабылданған.
Жағдай бойынша басқарма сотқа шағым түсіріп, заңсыз салынған базар аумақтарын сүруді талап еткен.
«Ақсай-4″ шағынауданында орналасқан ірі базардың 2000 шаршы метрден аса сауда алаңы сот шешімі бойынша сүріліп жатыр», – деп хабарлады басқарма.
Сот 2024 жылдың 1 наурызында базардың 2125,62 шаршы метр аумағын сүру туралы шешім шығарған. 2024 жылдың 19 шілдесінде Алматы қалалық соты бірінші инстанция шешімін өзгеріссіз қалдырған.
ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS