Пн. Окт 7th, 2024

Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды

Салмағы 6 келі 300 грамм сәби 5 қыркүйек Алматы қаласы №5 қалалық перзентханада дүниеге келді.

Аяғы ауыр келіншек перзентханаға толғақпен түскен, қабылдау кезінде ультрадыбыстық зерттеу бойынша баланың салмағы 4 келі 800 грамм болған. 

Жаңа туған нәресте бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Кененбаеваның айтуынша, бұл ультрадыбыстық зерттеу кезінде баланың салмағы бастың бипариетальды өлшеміне және құйрық-париетальді өлшеміне байланысты есептеледі. 

Нәрестенің дұрыс емес күйде жатқанына байланысты науқас кесарь тілігімен босанатын болды. 

Баланың осындай салмақпен дүниеге келгеніне дәрігерлер де, оның анасы да таңданды. 

«Бүгінгі таңда салмағы 6 келі 300 грамм болатын сәби – біздің перзентханада дүниеге келген ең үлкен бала. Босану операциялық әдіспен жүзеге асырылды. Операция сәтті өтті. Бәрі жақсы аяқталды. Ана мен оның ұлы сау. Бұл отбасындағы үшінші бала», — деп түсіндірді Кененбаева. 

Маман атап өткендей, 4 келіден асатын балалар үлкен болып саналады, ал 5 келіден асатын нәресте алып деп аталады.

Қазір анасы мен баласы перзентхананың медицина қызметкерлерінің тәулік бойы бақылауында және жақын арада перзентханадан шығуға дайындалып жатыр.


Ақпарат көзі: Inbusiness.kz