Пт. Сен 20th, 2024

Бұл Қазақстандағы бау-бақша өнерінің, ландшафтық дизайнның және қоршаған ортаны абаттандырудың жалғыз халықаралық фестивалі. 

13-15 қыркүйекте Алматының орталық саябағында Almaty Garden Show өтеді. Жыл сайынғы фестиваль Қала күнін мерекелеуге орайластырылған. Биыл іс-шара он екінші рет өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.                                                                      

Іс-шара барысында ландшафт дизайнерлері мен сәулетшілері өсімдік тәлімбақтары және бау-бақша өнімдері қызметтерін жеткізушілермен бірлесіп, бақшадағы «жоғары сән» саласындағы соңғы жетістіктерді көрсетеді.

Фестивальдің басты сахнасында тақырыптық конкурстық және ойын-сауық қойылымдары, жүлделер ұтыс ойындары және фестиваль серіктестерінен сыйлықтар табысталады.

2023 жылы Almaty Garden Show-ды 30 000-нан астам адам көрген.


Дереккөз: inbusiness.kz