Чт. Май 9th, 2024

Дабыл қоңырауы қосылды.

Алматыда қатты жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тұрғындар жер сілкінісін сезінгенін жазып жатыр.

4 наурызда сағат 11:22 — де Алматы қаласында жер сілкінісі орын алды. 

«Сейсмикалық стансалар желісі «NNTSSN и I» ЖШС Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі 04.03.2024 ж. Алматы уақыты бойынша 11 сағат 22 минут 05 секундта (04 наурыз 2024 ж. Гринвич уақыты бойынша 06 сағат 22 минут 06 секунд) жер сілкінісі тіркелді», — делінген ТЖМ хабарламасында.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстікке қарай 31 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.2. Магнитудасы MPV 6.1. Жер сілкінісінің координаталары – 42,93° солтүстік. 76,96° шығыс Тереңдігі 10 км. Қабылдау туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы 5 балл


Дереккөз: inbusiness.kz