Чт. Авг 20th, 2026

Жасөспірімдер Аюсай шатқалынан табылып, ата-аналарына тапсырылды. 

Алматы қаласының Бостандық ауданында, Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен шамамен 3680 метр биіктікте екі жасөспірімнің жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Анықталғандай, жасөспірімдер алдыңғы күні таңертең тауға шығып, сол күні қайтуды жоспарлаған. Алайда белгіленген уақытта үйлеріне оралмаған. Олармен байланыс болмаған, геолокация деректерін алу да мүмкін болмады.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары дереу кірісті. Іздеу барысында жасөспірімдер Аюсай шатқалынан табылды.

Құтқарушылар оларды таулы аймақтан қауіпсіз жерге шығарып, ата-аналарына тапсырды. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

ТЖМ ескертеді: тауға шығар алдында маршрутты алдын ала зерттеп, ауа райы жағдайы мен жер бедерінің күрделілік деңгейін ескеріңіз. Жақындарыңызға маршрут пен қайту уақытын хабарлаңыз, телефонды қуатталған күйде ұстаңыз және тауға жалғыз шықпаңыз. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласыңыз.


Дереккөз: Inbusiness.kz

Бөлісу