Ср. Дек 4th, 2024

2 желтоқсанда Алматы облысындағы Кеген ауылында Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің алаңында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст ашылды.

Бұл туралы ашылу салтанатына арнайы барған KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Іс-шараға мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, ақындар, танымал тұлғалар мен Заманбек Нұрқаділовтің туған-туыстары қатысты. Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст.

Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Қалабайұлы Нұрқаділовтің туған жеріне ескерткіш орнату және Алматыдағы тұрған үйіне ескерткіш тақта ашу ұсынысын атап көрсеткен болатын. З

Осы ұсыныстың негізінде Кеген ауылының балалар өнер мектебіне Заманбек Нұрқаділовтің есімі беріліп, бюстінің салтанатты ашылды. Шараға Алматы облысы әкімінің орынбасары Күреңбеков Болат Қайратұлы, Кеген ауданының әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы, Алматы облысының ішкі саясат басқармасының басшысы Абитов Ерік Әзілжанұлы, Ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Мырқасымұлы Оразалин, Мемлекет және қоғам қайраткері Амандық Ғаббасұлы Баталов, З.Нұрқаділовтің ұлы Қайрат Заманбекұлы Нұрқаділов, қоғамдық ұйым өкілдері, БАҚ және баспа өкілдері шақырылды Заманбек Нұрқаділовке арналған ескерткіш-бюст. Фото: NUR.KZ/Ардақ Құлтай Ескерткіш авторлары: Қуаныш Асылбай, Ақылбек Орманбеков, Айдос Бүркітбаев, Тимур Ермұхаметов.

Авторлардың сөзінше, ескерткіш-бюстін әзірлеуге бір жарым айдай уақыт кеткен.

«Республикалық конкурсқа төрт автор болып қатыстық. Тұғырымен қоса алғанда биіктігі — 5,5 метр. Мүсіннің өзі – 1,5 метр. Тұғыры күрті тасынан жасалған, мүсіні қоладан құйылған», — дейді авторлар.

Бүгін уақыттарыңызды бөліп, алыс жолдан біздің қуанышымызға келіп отырсыздар. 19 жыл біздің халқымыз, қазағымыз әкемді көргендер тек жақсы нәрсе айтатын. Біз оны білеміз. Тоқаев «тұрған үйінде тақта қойыңдар, бюст қойыңдар, өнер мектебінің атын беріңдер» деп бұйрығын берген. Бүгін біз куәгер болып отырмыз. Мектебі ашылды. Ішінде музейі бар. Міне, керемет бюст қойып жатыр. Біз оған қуаныштымыз», — деді Заманбек Нұрқаділовтың ұлы Қайрат Нұрқаділов. Қайрат Нұрқаділов.

Ескерткіш бюстің ашылу салтанатына белгілі актер Бекжан Тұрыс та қатысты. Өнер иесінің сөзінше, бюстің қойылуы – Заманбек ағамыздың тарихтағы таусылмас ғұмыры, жығылмас тұғыры.

«Оның қоғам игілігіне сіңірген игілігін жасырып қала алмайды. Оның дәлелі – бүгінгі бюстің ашылуы. Бірақ менің бір таңғалып тұрған нәрсем – бұл басында ескерткіш еді, неге бюстке айналып кеткені? Шараның өзін дәл бүгінгідей дүсенбіге – жұмыс күніне қоюдың өзі де адамға біртүрлі екен. Талай адам келіп, қатысқысы келді. «Қазаның жолы – жіңішке, аруақтың орны – биікте» деп әруағын айбозындай ардақтаған халық едік қой. Өкінішке қарай, әлі де Заманбек ағамның рухы ешкімді тыншытпайды ғой деймін» — дейді Бекжан Тұрыс


Дереккөз: Nur.kz