Чт. Апр 3rd, 2025

Алтын-Емел ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметкерлері суаттарда фототұзақтар орнатты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қар барысының (Panthera uncia) бірегей кадрларын алуға мүмкіндік туған.

«Қар барысының болуы жабайы табиғатты сақтауға қолайлы жағдайлардың бар екенін және парктің жүргізіп жатқан табиғатты қорғау шараларының тиімділігін растайды», — делінген хабарламада.

Бақылау жұмыстары қоршаған ортаны қорғауға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында жалғасатыны айтылды.


ДЕРЕККӨЗ: TENGRINEWS