Пн. Окт 13th, 2025

Биыл Almaty Marathon 14-інші рет өткізіледі.  

Осыған байланысты ұйымдастыру комитеті қала тұрғындары мен қонақтарына 27-28 қыркүйекте қала көшелерінде көлік қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жылы жарысқа 60-тан астам елден келген 16 мың адам қатысып, бақ сынайды.

Жабылатын көшелердің тізімі мен балама жолдар туралы ақпаратты посттағы картадан көруге болады.

Спортшылар жүгіріп өткен жол кезең-кезеңімен ашылып отырады.


Дереккөз: inbusiness.kz