Чт. Ноя 27th, 2025

23–30 қараша аралығында Румынияның Клуж-Напока қаласында үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты өтуде. 

Қазақстандық Алан Құрманғалиев Клуж-Напока қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатының ширек финалына шықты. Спортшымыз аралас жұптық сында Египеттен келген Хана Годамен бірге өнер көрсетуде. 

Дуэт 1/8 финалда жапониялық Казуки Ёшияма/Юна Оджио жұбынан басым түсті. Кездесу 3:2 есебімен аяқталды.

Ширек финалда Құрманғалиев пен Года Қытай спортшылары Ли Хэчэн/Цинь Юйсюань жұбымен кездеседі.

Айта кетейік, Алан Хана Годамен бірге 2022 жылы Тунисте 15 жастағы спортшылар арасында алтын медаль жеңіп алған болатын. 


Дереккөз: inbusiness.kz