Вс. Ноя 24th, 2024

14 тамызда Азаматтық авиация комитеті маңызды мәлімдеме жасады. 

Мәлімдеме «Air Astana» АҚ және «FlyArystan» АҚ әуе компаниялары рейстерінің кешігуіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

«Air Astana» мен «FlyArystan» АҚ-тардың техникалық себептерге байланысты рейстерді кешіктіру жағдайларының көбеюіне, сондай-ақ жолаушылардың құқықтарын сақтауға қатысты көптеген шағымға қатысты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті ұшулардың тоқтатылуы, кешігуі және тиісті қызметтерді көрсетпеу себептерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация туралы заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты басқа да жағдайларды анықтау үшін комиссия құрды», делінген ҚР ААК баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ бас директорының бұйрығымен «Air Astana» АҚ мен «FlyArystan» АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілетіні нақтыланады.


Дереккөз: Inbusiness.kz