Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Аида Балаева Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды», – деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін Мәжіліс Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі лауазымына Аида Балаеваның кандидатурасына келісім берген болатын.
«Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 22-1-бабына сәйкес қаралды», – делінген Мәжіліс таратқан хабарламада.
Дереккөз: inbusiness.kz