Вт. Дек 3rd, 2024

Бейсенбі күні Сенаттың жалпы отырысы өтті.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президент Жолдауындағы басым міндеттерді атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

«Мемлекет басшысы еліміздің саяси жәнә әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты 9 стратегиялық бағытты айқындап берді. Бұл бағыттарды іске асыру аясында бюджеттік және әлеуметтік прагматизм қағидатына ерекше көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ инфрақұрылымның негізгі рөлі цифрландыру сияқты қағидаттарға да басымдық берілді. Кәсіпкерлер үшін тиімді шарттарды сақтай отырып, салық режимдерін оңтайландыру жұмыстары жүргізіледі. Банк секторын экономикаға көбірек инвестиция салу үшін ынталандыру шаралары да қабылданады. Үкімет жанындағы инвестициялық штабтың рөлі артып, ел экономикасына инвестициялар тартуға және отандық өнеркәсіпті қолдауға бағытталған қосымша шаралар қабылданады», — деді Мәулен Әшімбаев.

Айтуынша, орта бизнес жаңа жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болады. Сол арқылы 2029 жылға қарай орта бизнестің экономикадағы үлесін 15 пайызға дейін жеткізу үшін қолайлы жағдай жасалады, деп жалғастырды ол. 

«Мемлекет басшысы энергетика секторындағы және көлік саласындағы инфрақұрылым проблемаларын проблемаларын және шешудің нақты жолдарын айқындап берді. Президентіміз 6 қазанда атом электр стансасын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды. Сол арқылы аталған маңызды мәселе бойынша шешімді Қазақстан халқы қабылдайды», — деді Сенат спикері.


Дереккөз: inbusiness.kz