Пн. Мар 31st, 2025

Шаһарда 3 күн қатарынан жаңбыр жауып, тұрғындарды әбігерге салып жатыр. Себебі, көшелерде суағарлар жоқ. Соның салдарынан жиналған судан аяқ алып жүру мүмкін емес. Көлік қозғалысы да қиындады

Тұрғындар қаланың жауын-шашынға дайын емесін айтып, суағарлардың салынбауына шағымдануда.

«Аймақта кейінгі жылдары жауын-шашын жиіледі. Бұл бір жағынан қуантады. Бірақ көшелерді су басып, осындай қиындықтарға тап болып жатырмыз. Жыл сайын қайталанады. Мәселе түбейгейлі шешілсе екен», — дейді қала тұрғыны. 

Ал Ақтау қаласының әкімдігі су сору жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді. Коммуналдық қызмет мамандары күні-түні еңбек етуде. 

«Ақтауда коммуналдық сала қызметкерлері автомобиль жолдарында жиналған жаңбыр суын сорып алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 13 қызметкер, 12 су сорғыш мотопомпа және арнайы 4 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 350 шаршы метр жаңбыр суы алынды. Аталған жұмыстар қала аумағында тәулік бойы жалғасып жатыр», — деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ