Қайғылы жағдай 19 қарашада болған.
Оқыс оқиға Ақтөбе-Орынбор тасжолының 73 шақырымында Мәртөк ауылының маңында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.
Апаттың ұшырауына бірден үш көлік себеп болды. Олар – Audi Lexus және Subaru forester көліктері.
«Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.
Ресми деректерге сәйкес, Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.
ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дереккөз: inbusiness.kz