Қазіргі уақытта 2021-2023 жылдар аралығында бейімделуге жоспарланған 776 нысанның 556-сында жергілікті атқарушы органдар бейімдеу шараларын жүргізді.
Еңбекмині Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті жүргізген бақылаудан кейінгі тексерулер барысында аталған 556 нысанның 126-сының толық бейімделгені расталды.
Мәселен, өңірде мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына қол жетімді:
- мемлекеттік мекемелер – 26 (17 әкімдік, 3 облыстық басқарма, 6 жергілікті атқарушы орган);
- денсаулық сақтау нысандары– 21 (3 емхана, 13 аурухана, 3 медициналық орталық, 2 оқу орталығы);
- білім беру нысандары – 49 (39 мектеп, 2 университет, 5 колледж, 2 гимназия, 1 шығармашылық академиясы);
- әлеуметтік инфрақұрылымның өзге де нысандары – 30 (2 пошта бөлімшесі, 10 мәдениет үйі, 6 кітапхана, 2 әлеуметтік оңалту орталығы, 5 халыққа қызмет көрсету орталығы, 2 театр, 1 қонақ үй, 1 әуежай, 1 теміржол вокзалы, стадион, спорт кешені және т. б);
- 430 нысан ішінара бейімделген деп танылды, олар бойынша 697 бұзушылық анықталды: есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 218; көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 223; тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 112, кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 144.
Сондай-ақ, 2023 жылдың соңына дейін тағы 220 нысанды бейімдеу жоспарлануда.
Мемлекеттік бақылау аясында Департамент әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына
16 тексеру жүргізді, оның ішінде 13 профилактикалық бақылау, өтініш негізінде және тапсырмалардың орындалуын бақылау мақсатында жоспардан тыс 3 тексеру.
Тексерулердің қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
14 ұйғарым беріліп, 207 мың теңгеге 1 әкімшілік айыппұл салынды.
Ақпарат көзі: inbusiness.kz