Чт. Апр 10th, 2025 6:25:38 PM

Ақмола облысында су тасқынымен күрес жалғасып жатыр — Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің тасуы салдарынан ауылдардың бірінде көлік қатынасы үзілген

Министрлік ақпаратына сәйкес, құтқарушылар көлік қатынасынсыз қалған Старый Колутон ауылында жедел жұмыстарды жалғастырып жатыр.

«Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өткен тәулікте 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел моторлы қайықтардың көмегімен тасымалданды.

Су тасқынына қарсы жұмыстардың барысын ТЖ вице-министрі Рамиль Камалов тексерді.

Жағалау сызығын нығайту және одан әрі су басуға жол бермеу үшін инертті материалдары бар 1000-нан астам қап төселді, 300 текше метр су сорылды. 21 бас сиыр мен 100-ге жуық қошқар қауіпсіз жерге шығарылды», — дейді министрлікте.

Құтқару жұмыстарына жеке құрамның 70-ке жуық адамы, ТЖМ арнайы техникасының 20 бірлігі, ЖАО және еріктілер жұмылдырылған.

Жағдай ТЖМ бақылауында, құтқару және нығайту іс-шаралары тәулік бойы жалғасып жатыр, деп сендірді министрлікте.

Еске салсақ, бұған дейін Ақмола облысында қардың еруі салдарынан «Көкшетау-Атбасар» автожолының бір бөлігін су басып, жол жабылғанын жазған едік.


ДЕРЕККӨЗ: NUR.KZ