Вт. Июн 18th, 2024

Қайғылы жағдай 19 қарашада болған.

Оқыс оқиға Ақтөбе-Орынбор тасжолының 73 шақырымында Мәртөк ауылының маңында болған, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.

Апаттың ұшырауына бірден үш көлік себеп болды. Олар – Audi Lexus және Subaru forester көліктері.

«Мәртөк ауылының маңында Audi, Lexus және Subaru forester автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан Lexus және Subaru forester автокөлігінің жүргізушілері мен Subaru-да болған жолаушы оқиға орнында қаза болды», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаменті.

Ресми деректерге сәйкес, Lexus жолаушысы Мәртөк ауданының ауруханасына жеткізілді.

ҚР ҚК 345 бабы 4 бөлімі бойынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Дереккөз: inbusiness.kz