Ол көзі тірісінде сенімді адамы, кардинал Виктор Мануэль Фернандеске қайтыс болғаннан кейін жазбаларын реттеп, жариялауға рұқсат берген.
Күнделікте Рим папасының шайтанмен 3 рет кездескені туралы жазбалар да бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жаза кетейік, 2025 жылы өмірден өткен Рим папасы Франциск 1992 жылдан 2024 жылға дейін күнделік жүргізген.
Дін қайраткері шайтанды өз көзімен көргеніне, тіпті бірде оның дауысын естігеніне сенімді болған. Франциск бұл оқиғаларын 2021 жылғы 24 қаңтардағы жазбасында егжей-тегжейлі баяндаған.
Оның сөзінше, алғашқы көрініс осыдан шамамен 15 жыл бұрын, Буэнос-Айрестің архиепископы қызметін атқарып жүрген кезінде болған. Ол көлік терезесінен бір бейнені байқап, оның «үрей тудыратын әрі өзіне еліктіретін көздерін» ұмытпаған.
Екінші рет шайтан кармелиттер шіркеуінің ғибадатханасында пайда болған. Франциск оның көзі оттай жанып тұрғанын сипаттаған. Өзіне қарай жақындаған бейнеден қорыққан ол тәспісіне жармасып, Құдайдың анасына жалбарынған. «Мәриям ана мені құтқарды» деп жазған ол күнделігінде.
Үшінші кездесу Римде, Чилиге жасаған сапарынан кейін тіркелген. Бұл жолы Франциск шайтанды көріп қана қоймай, оның дауысын да естіген. Дауыс салтанатты әрі әмірлі шыққан. Әсіресе, оның қатты үні есінде қалыпты.
Күнделікте шайтанмен кездесулерден бөлек, басқа да тылсым оқиғалар баяндалған. Мәселен, 2018 жылғы 7 маусымдағы жазбасында Франциск алдыңғы түні тозақтың кіреберісін көргенін айтқан. Осыдан кейін тәспісін «қару» ретінде қолына алған. Ол мұндай жағдайларды рухани азғырумен байланыстырған.
Ал Ватиканның өзіне тиесілі ақпарат құралдары шайтанмен кездесулердің маңызын төмендетуге тырысып, оларды жай ғана «аяндар» деп сипаттаған.
Дереккөз: inbusiness.kz