Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында WhatsApp арқылы азаматтарды алдап, олардың ақшасын иемденген алаяқтық топтың қылмысы әшкереленді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер мессенджер арқылы тұрғындарға хабарласып, өздерін олардың туыстары ретінде таныстырған. Кейін түрлі сылтаулар айтып, ақша аударуды сұраған.
Қылмыстық іске дроппер де тартылған. Оның банк шоты арқылы шамамен 5 миллион теңге ақша шығарылған.
Сотқа дейінгі тергеу кезінде топ мүшелерінің интернет-алаяқтықтың 15 дерегіне қатысы бар екені анықталды.
Олардың әрекетінен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарының, сондай-ақ Алматы қаласының тұрғындары зардап шеккен.
Сот үш азаматты да кінәлі деп таныды. Биыл маусым айында олардың екеуіне 3 жылдан 4 жыл 1 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалса, үшіншісі 3 жылға бас бостандығын шектеуге сотталды.
Дереккөз: inbusiness.kz