Чт. Июл 23rd, 2026

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Шекарада 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелді, деп жазады inbusiness.kz cайты.

ҰҚК Шекара қызметі мұнай өнімдерінің мемлекеттік шекара арқылы заңсыз шығаруына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдап жатыр.

«Тек осы жылдың 1-21 шілдесі аралығында өткізу пункттерінде 112 тоннадан астам көлемдегі жанар-жағармай материалдарын заңсыз өткізудің 1342 әрекеті тіркелген», – делінген комитет таратқан ақпаратта. 

Кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапқа тартылды.

Айта кетейік, елімізде заңсыз жанар-жағармай тасымалымен күрес үшін шекараға 59 полиция бекеті орнатылды.


Дереккөз: inbusiness.kz

Бөлісу