«Еңлік — Кебек» қойылымы қазақ кәсіби театрының тарихында айрықша орын алады.
Себебі, спектакль – 1926 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында сахналанған ең алғашқы қойылымдардың бірі, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдығына орай Алматы қаласында «Еңлік — Кебек» спектаклінің мерейтойлық көрсетілімі өтті.
Қойылым махаббат пен адалдық тақырыбын көтеріп, көпшілік көрерменге ізгі құндылықтарды насихат етеді.
Сонымен қатар, көрермен театр музейі ұйымдастырған «Ұлттық театрдың бастауы — «Еңлік — Кебек» қойылымы» атты экспозициямен танысты. Көрмеде алғашқы сахналық қойылымдар тарихынан сыр шертетін фотосуреттер, құнды жәдігерлер мен театрдың көркемдік мұрасын айқындайтын материалдар ұсынылды.
Дереккөз: inbusiness.kz